Жапон ісмерлері Токио Олимпиадасына арнап ерекше кимоно тікті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фукуока префектурасындағы кимоно тігу мен сату компаниясының президенті Йошимаса Такакура 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында керемет жоба ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 жастағы Такакура Жапония астанасында өтетін Жазғы Олимпиадаойындарына қатысушы елдерді таныстыратын дизайны ерекше кимоно тігу идеясынұсынды.

«Мен қатысушы елдердің делегация басшылары Токиодағы Олимпиаданың ашылусалтанатында кимоно киіп, ұлттар шеруінде жүріп өткенін көргім келеді», - дейдіТакакура.

Жоба 2014 жылы іске қосылған. Жапон шеберлерінің қолынан шыққан киімдерсоңғы жылдары Токиодағы және АҚШ-тағы сән көрсетілімдеріне қатысты. Жобаны 2020жылғы Олимпиада ойындарына қарсы аяқтап, қатысушы елдерге 206 кимоно тігу үшін Такакурағаламтордан әртүрлі платформаларды және ниет білдірушілерден қайырымдылыққаржысын жинау үшін барлық дереккөздерді пайдаланады.

Суреттер мен өрнектерді таңдаумен айналысатын топ кимононың матасы арқылы мемлекетті таныстыруүшін әр елдің мәдениетін, климатын және табиғи сұлулығын жан-жақты зерттейді.

Мысалы, Қазақстанды таныстыратын матаның дизайнын 2016 жылы КумикоМачида жасаған. Орталық Азияның кең байтақ даласында шауып бара жатқан аттыңбейнесі - Қазақстанның қайсарлығының символы іспеттес. Сол жақтағы жоғарыдаорналасқан дөңгелек күн табиғатымыздың байлығын көрсетеді. Сондай-ақ, кимонодаҚазақстанның кең байтақ даласы, өткен Astana Expo-2017 көрмесінің символы – желдиірмен көрсетілген.


Такакураның айтуынша, жапон мәдениеті өзге елдердің мәдениетінқұрметтейді. Ол 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Токиода өтетіні белгілі болған соң кимоно арқылы ойындарға өз үлесін қосу үшін аталмышжобаны іске асыру жөнінде шешім қабылдаған.


Автор: Татьяна Кудренок

Соңғы жаңалықтар