Жапон компанияларынің еншілес компанияларында өндірілетін өнім сапасын бір деңгейде сақтау өзектілігін жойған жоқ - Йошинори Иизуки

None
АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Жапондық сапа көрсеткіші - біз үшін өте маңызды мәселе.

Оны Жапондық сапа бақылау қоғамының президенті, Деминг бағалау комитетінің төрағасы Йошинори Иизуки бүгін  Алматыда «Сапа - орнықты даму мен  көшбасшылықтың негізі» деген тақырыппен өтіп жатқан  сапа менеджерлерінің VII «TQM Kaz-2012» халықаралық форумында айтты.

Жаһандық ынтымақтастықтың тереңдеуіне байланысты жапон компаниялары соңғы жылдары түрлі елдерде еншілес компанияларын ашуда. Соның бірі - Қытай. Біз үшін жапондық сапа көрсеткішіне кепілдік өте маңызды мәселе болып отыр. Қазір онда белгілі бір деңгейде мәселелер бар», - дейді Токио университетінің машина жасау мектебінің профессоры Й.Иизуки. Оның айтуынша, өндіріс үдерісінде өзіндік қағидаттар болады. Бұл тәртіп бүкіл әлемде сақталуы керек. Өндіріс талаптары сәйкестендіріліп, барлық жерде ортақ ұғым және бірыңғай түсіністік болу үшін қызметкерлерді  оқыту қажет. Сондықтан ол өзінің өзектілігін алдағы 10-20 жылдың ішінде жоймайды.