Бүгін елордадағы Конькимен жүгіру стадионында өткен әйелдер арасындағы 5000 метрлік жарыста жапон қызы Хозуми Масако чемпион атанса, одан 6,40 секундқа төмен нәтиже көрсеткен оңтүстіккореялық Дойонг Парк қола жүлдені еншіледі. Ал жүлде үштікті қорытындылаған тағы бір жапондық спортшы Ерико Ишимоның нәтижесі - 7 минут 16,64 секунд.
Өкінішке қарай, Қазақстан намысын қорғаған Елена Урванцева 5000 метрлік қашықтықты 8 минут 03,16 секундта бағындырып 7-орынға тұрақтады.
Санаулы уақыттардан кейін осы стадионда ерлер арасында 10 000 метрге жүгіруден жарыс басталады. Онда Қазақстан намысын Дмитрий Бабенко қорғайды.