Жапон парламенті премьер-министрін сайлауда

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Жапон парламентінде Демократиялық партияны басқарып отырған депутаттар бірден ел үкіметін басқарып кететін жаңа басшыларын сайламақ, деп хабрлайды Утро. ру агенттігі.

Күншығыс еліндегі саяси күштің көшбасшылығына Демократиялық партияның бұрынғы басшысы Ихиро Озава пен қазіргі премьер-министрі Наото Кан өз кандидатураларын ұсынып отыр. Айта кетейік, Наото Кан үш ай бұрын ғана үкімет басшысы болған. Ол соңғы үш жыл ішіндегі үшінші жапондық премьер.