Бұл оқиға бейсенбі күні болды. Томитаның Оңтүстіккореялық журналистен видеоаппаратты ұрлап жатқанда бақылау камераларының біріне түсіп қалған. Жақынарада спортшыға айып тағылады. «Мен біздің басымызда өткен осыған ұқсас жағдайды есіме түсіре алмай отырмын. Адам өзіне ие болу керек қой. Делегацияның атынан кешірім сұраймын», - жапон делегациясының басшысы Цуйоши Аоки. 200 метрге брасспен жүзуге машықтанған спортшы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеден қағылды.
15:56, 27 Қыркүйек 2014
Жапон спортшысы Инчхонда ұрлық жасап, ұлттық құрамадан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүзуден 2010 жылғы Әлем чемпионы жапондық Наойя Томита Азия ойындарында видеокамера ұрлағаны үшін ұлттық команданың құрамынан шығарылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.