Жапондар екі қолды мультикоптер жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Prodrone компаниясы екі қол-құрылғысы бар жүк мультикоптерін ұсынды. Бұл туралы prodrone.jp хабарлады.

Гексакоптер екі қол-құрылғы және бір қолына 10 келіге дейін жүкті ұстап, тасымалдауға мүмкіндік беретін еркіндіктің 5 түрлі деңгейі бар,  ұшу аппаратының ең жоғары жүк көтергіштігі 20 келіні құрайды.