Көзілдірік шыны арқылы өтетін әлсіз электр тоғын өткізетін ықшам батареямен жабдықталған. Оған мамандар тоқтың әсерімен мөлдірлігін сақтайтын сұйық кристалдарды орналастырған.
Он секундта бір рет электр өткізу тоқтатылады, нәтижесінде көзілдірік әйнектері өте аз уақытқа - 0,1 секундтан 0,2 секундқа дейін тұманданады. Әдеттегі жыпылықтау секілді бұл көзілдірік иесіне байқалмай қалады, бірақ бұл кезде оның көру қабілеті қажетті деңгейде демалады.
Бұндай бірегей көзілдірікті жасап шығаруға көп жылдық зерттеулер нәтижесі себеп болды. Компанияда жасап шығарылған өнім, бәрінен бұрын қызметкерлері күні-түні компьютер экранының алдында отыратын компаниялардың үлкен қызығушылығын тудырғаны атап айтылды.