Жапонияның Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Honda Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласындағы барлық үш зауытында да өндірісті уақытша тоқтатты.
Уақытша жабылған үш автомобиль шығаратын зауыттың жылдық өндірістік қуаты 720 мың көлікке жетеді. Өндірісті тоқтата отырып, бұл зауыттар кейбір жұмысшыларды қысқартады. Бастапқыда 2000-ға жуық қызметкер жұмыстан босатылады.
Қытайда Honda автокөлігінің сатылымы әлі төмендеп жатыр. бұл компанияның мұндай шешім қабылдауына түрткі болған себептердің бірі екені хабарланды.