Жапондық әуе шары биіктіктің рекордын жаңартты

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапондық әуе шары биіктіктің рекордын жаңартты, деп хабарлайды segodnya.ua сайтынан.

Жапондық ұшқышсыз басқарылатын әуе шары 54 шақырым биіктікке көтеріліп, Гиннестің кітабына енген рекордты жаңартты. Шар 2 сағат 40 минут уақыт аралығында 53,7 шақырымға жоғарылаған. Бұған дейінгі рекорд 2012 жылы жасалған болатын. Бұнда да Жапонияда жасалып шыққан әуе шары 53 шақырым биіктікке көтерілген.