деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қалыңдығы нанометрмен өлшенетін жаңа пластырь (нанометр - 1 метрдің миллиардтан бір бөлшегі) адам ағзасына берік жабысады және қозғалысқа кедергі келтірмей, еркін созыла да, қысқара да алады. Оны жасауда табиғи материалдар, атап айтқанда, теңіз қырыққабаты мен таңқышаянның сауыты пайдаланылған.
Қазіргі кезде ішкі ағзаларға операция жасағанда хирургтар жарақаттарды арнайы жіппен тігіп, оның үстіне жұқалығы бірнеше милиметрлік пластырь жабыстырады. Ол пластырьдың жабысқақ бөлігі кейде науқастарға жағымсыз әсер етіп жатады.