Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ел алдындағы есебінде айтты.
«Техологиялық өнімнің үлгісін жапониялық Furukawa Electric Co., Ltd сертификаттау зертханасына жолдағанбыз. Сынақ нәтижелі болды. Енді аталмыш зертханамен серіктестік орнатудың жол картасын дайындау қажет» - деді Даниал Ахметов.
Аталмыш жобаның ғылыми негізін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдары әзірлегенін айта кету керек. Аталмыш университет қабырғасында медицинадан бөлек мұнай-газ, «құнарсыз» кенді игеру салалары бойынша жаңашыл жобалар әзірленуде.