Енді ол Жерге жеткізетін зымыранға симай қаламын ба деп қауіптенуде.
«Барлықтарыңызға қайырлы таң. Бүгін менде үлкен жаңалық бар. Біз бойымызды және салмағымызды өлшедік. Мен 9 сантиметрге өстім»,-деп жазды Норишиге Канаи әлеуметтік желіде.
Әдетте, ғарышкерлердің бойы ғарышта екі-үш сантиметрге өседі. Өйткені салмақсыздықтың салдарынан омыртқаға күш түспейді. Бірақ жерге оралған соң қайта қалпына келеді.
" Тоғыз сантиметр, әрине көп, бірақ солай болуы да мүмкін жағдай. Әр адамның денесі өзінше сезінеді»,- дейді Ұлыбритания Ғарыш агенттігінің өкілі Либби Джексон.
»Мен өсімдік сияқты өстім, үш аптаның ішінде. Қайта оралғанда "Союз" кемесіне симай қаламын ба деп аздап қобалжудамын»,- деп жазды ғарышкер.
Норишиге Канаи үшін бұл - ғарышқа алғашқы сапар. Бұдан бұрын ол Жапонияның Әскери-теңіз күштерінде дәрігер болып қызмет еткен.