Бұл марка Жапония мен АҚШ-та сатылымға 2010 жылы шығарылады, ал қалған әлемде - 2012 жылы пайда болады деп күтілуде.
«Бұл модель - автокөлік жасау саласындағы үлкен жаңалық. Толық экологиялық қауіпсіз электромобильдің бұқаралық өндірісі алғаш рет қолға алынады», - деді «Ниссан» президенті Карлос Гон Иокогамада өткен таныстырылымда. «Ниссанның» жаңа электромобилі 160 шақырымдай қашықтыққа қайта зарядтаусыз жүруге мүмкіндік беретін жинақы иондық-литий аккумулятормен жарақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап