9 мамырда Суйка деп ат қойылған үй жануары үйіне аман оралған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жапондық жалпыхалықтық "Асахи" газеті хабарлағандай, мысық иелері - Ямагиси қариялар жұбы - болған оқиғаға әлі сенер емес. "Бұл таңқаларлық құбылыс", - дейді Офунато қаласында жолдасымен бірге тұрып жатқан 64 жастағы Кадзуко Ямагиси.
2011 жылдың 11 наурызында болған жер сілкінісі олардың баспаналарына еш зиянын тигізбеген. Алайда мысықтары із-түзсіз жоғалған. Олар үй жануарын үш ай бойы іздеген.
Шамамен 3 жылдан кейін, яғни 2014 жылдың сәуір айында Рикудзентаката (Иватэ префектурасы) қаласының маңында жас жұбайлар қаңғырып жүрген мысықты тауып, жануарлар үйіне тапсырған. Мұндағы қызметкерлер оның қарғыбауында жазылған телефон нөміріне қоңырау шалып, иелеріне қайтарған.