Турнир Францияның Монпелье қаласында өтуде.
Жеңімпаз қысқа және еркін бағдарламалар қосындысы бойынша 236,09 ұпай (80,32 155,77) жинады. Екінші орынды Бельгия спортшысы Луна Хендрикс (217,70; 75,00 142,70) иеленген. Үздік үштікке американдық Алиса Лю (211,19; 71,91 139,28) да кірді.
Сакамото 21 жаста, ол Бейжің Олимпиадасында жекелей және командалық турнирде қола жүлдегер атанған.
Әлем чемпионаты 27 наурыз күні аяқталады.