Жапондық секірмекпен әлем рекордын жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайтама тұрғыны  (Япония префектурасы)  30 секундтың ішінде 10 метрлік секірмекпен ( скакалка) 20 рет секіріп әлемдік рекордты жаңартты.

Бұл жетістік жайлы бейнежазба YouTube-тегі Guinness World Records арнасында жарияланды.

Роликте рекордшы Саданың секірмекпен секіруді мектеп қабырғасында бастағандығы атап өтілген. Сондай-ақ ол университетте оқып жүрген кезінде де ұдайы жаттығатын болған, деп жазады lenta.ru .