Жапондық Таканаси шаңғымен трамплиннен секіруден әлем Кубогының кезеңінде екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапондық Сара Таканаси Дзаода өтіп жатқан шаңғымен трамплиннен секіруден әлем Кубогының кезеңінде екінші рет жеңіске жетті.

Спортшы 127,5 нәтижемен бірінші орынға шықты. Екінші орынды неміс спортшысы Карина Фогт (117,5), ал үшінші орынды швейцарлық Бигна Виндмюллер (109,9) еншіледі.

Сенбі күні Таканаси бірінші айналымның қорытындысы бойынша 110,8 ұпай жинап жеңіске жеткен болатын. Ұйымдастырушылар желдің қатты соғуына байланысты жарыстың екінші айналымын өткізбеу туралы шешім қабылдады.