Жапондық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы жоғары
«Tourism EXPO Japan» - дүниежүзіндегі сыртқы және ішкі туризм индустриясы саласының өкілдері қатысатын әлемдегі ең үлкен көрмелердің бірі. Биыл оған 130-дан астам елден 1,5 мың ұйым қатысты. Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымег көрмеге қазақстандық делегация да барып қайтты. Ұлттық біріңғай стендте «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайы әлемдік қауымдастықты Қазақстанның тариxи және географиялық орталығы, қазақ xалқының алтын бесігі - Ұлытаумен таныстырды.
«Бұл - біздің төл мәдениетімізді әлемдік қауымдастыққа бірінші рет таныстыруымыз емес. Бұған дейін де бірнеше рет өзге елдерде осындай халықаралық көрмелерге қатыстық. Соның арқасында Ұлытаудың танымалдығы артып, Қазақстанның осындай тарихи-қасиетті жерлерін көргісі, білгісі келетін шетелдік туристердің қатары көбейіп келеді», - дейді «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов.
«Tourism EXPO Japan 2018» көрмесінде отандық туризм бизнесінің және Алматы мен Атырау облыстары туризм басқармаларының өкілдері еліміздің туристік әлеуетін жария етті.
«Менің ойымша, болашақта жапондықтардың ағымы жақсы болады. Бірақ, бұл үшін Қазақстан мен Жапония арасын жалғайтын тікелей әуе қатынасын ашу қажет. Серіктестермен сөйлескенімізде жапондықтардың қасиетті жерлерге деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына кірген қасиетті орындарды жапондық туристерге арналған турларға кіргізуге болады. Осындай көрмелерге белсенді түрде қатысу Қазақстан туралы көбірек білуге және басқа елдерден туристер тартуға мүмкіндік береді. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы тарапынан осындай көрмелер жағырафиясын кеңейту біздің елге деген туристтер ағымын көбейтуде оң әсерін беретіні сөзсіз», - дейді Алматы облыстық туризм басқармасының бастығы Жанар Алшыммбаева.
ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керектігін айтқан болатын.
«Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді», делінген мақалада.
2015 жылы этнофестиваль Қазақстанның материалдық емес элементтер мәдени мұрасының Ұлттық тізіміне енгізілді. 2017 жылдың наурыз айында адамзаттың материалдық емес мәдени мұра Репрезентативтік тізіміне әдет-ғұрыптарды қосу үшін Қазақстан Республикасы атынан осы жылы «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік жоралғылары» тақырыбында енетін номинацияға ЮНЕСКО-ға ұсынылды.
Көрмеге келушілер қазақ xалқының руxани мәдениетімен тереңірек таныстыру үшін ән мен күйді әуелетіп, ұлттық дәмнен ауыз тигізіп, ұлттық киімді киіп, «Арлан» театрының алып батырларымен суретке түсу мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан бөлек, ойын-сауықтық және танымдық бағытта түрлі ойындар ұйымдастырды. Осылайша, қазақстандық делегация туризм саласында жаңа көкжиектерді ашып, әлем xалықтарының тариxи-географиялық және мәдени мұрасы тұрғысынан еліміздің әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетіп қайтты.
Көрме мақсаты - шетелдегі, сыртқы және ішкі туризммен айналысатындардың басын бір жерде қосып, түрлі мүдделі тараптарға өз елдеріндегі туризм индустриясының болашағын таныстыруға мүмкіндік туғызу. Көрме қатысушыларға отандық және шетелдік туристік өнімдер, нысандар мен бағыттарын әлемге таныстыру мақсатында іскерлік кездесулер, ақпарат алмасу сияқты бірнеше мүмкіндіктерді ұсынды. Көрме мен іскерлік кездесулер сияқты дәстүрлі форматтан бөлек, «Tourism EXPO Japan» басқа секторлармен де белсенді жұмыс жасап, туризм индустриясы саласындағылардың бизнесін одан әрі дамытып, жаңа мүмкіндіктер алуына көмектеседі.