Жапондықтар адамға қатты ұқсайтын робот жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Toyota компаниясы адамға қатты ұқсайтын T-HR3 роботты көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды The Japan Times .

Бұл компанияның үшінші толқынды құрылғысы.

Робот  адамдар жасайтын түрлі функцияларды орындауға қауқарлы. Олар үйде және медициналық мекемелерде, керек десеңіз табиғат апаты кезінде адамзатқа көмектесе алады.