Жалпы 78 миллион доллар табылған, деп хабарлайды Утро.ру.
Бұл ақшаның басым бөлігі жеке сейфтерден табылған, өйткені жапондықтар әлі күнге дейін ақшаны жеке сейфтерінде сақтауды жөн көреді. Тұрғындар полицияға қираған ғимараттар арасында 5,7 мыңнан астам сейф қалғандығын хабарлаған. Еріктілер мен құтқарушылар оларды жинап, полиция бөліміне апарған. Оларды бұзғанда жалпы сомасы 30 млн. доллар болатын құндылықтар табылған, ал бір сейф ішінен тіпті миллион долларға баланатын ақша шыққан.