Жапондықтар ең ежелгі балықшылар болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон археологтары Окинава аралындағы Сакитари үңірінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында әлемдегі ең көне балық аулау ілмегін тапты.

Бұл туралы PNAS ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылады. Ғалымдар  адамдар 30-35 мың жыл бұрын Окинава кіретін Рюкю архипелагы аумағын  аралы ауданында тұрғанын атап өтті.

Зерттеушілер теңіз ұлуының қабыршағынан жасалған екі балық аулау ілмегін табудың сәті түсті. Бұдан басқа, үңгірден адам қаңқаларының бөліктері, моншақтар, жонғыштар табылды.

Археологтар жүргізген радиокөміртекті талдау жәдігердің жасы шамамен 22,5 мың жыл екенін көрсетті.