Сауда желілерінің сақтауы тиіс басты қағидасы - "Фукубукуро" бағасы қапшық ішіндегі затпен тең не жоғары болады.
Сонымен, токиолық дүкендердің бірі «бақыт қапшығына» 200 млн иен тұратын гауһар жасырған. Ерекше сыйлықты алу үшін кей сатып алушылар 1 қаңтар күні таңертеңнен бастап есік күзеткен. Дүкендердің біріне «бақыт қапшығын» сатып алу үшін 20 мың сатып алушы кезекке тұрған.
Үрдіс жапондықтар үшін дәстүрге айналып отыр. Бұл тосын сый, жақсылыққа үміттендіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды.