АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапондықтардың 66 пайыздан астамы компьютерлер мен ұялы телефонды ұдайы пайдалану салдарынан иероглифтерді дұрыс жазуды ұмыта бастағанын мойындады. Бұл жайында ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.
Жапонияның мәдениет басқармасының зерттеуінде 10 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 25 пайызға өскені аталып өтуде. Қазіргі кезде мәдениет басқармасы жас ұрпақ компьютерлер мен телефондарды пайдалана отырып, дұрыс жаза білуді ұмытпауы тұрғысындағы мәселелерге бастарын қатыруда.
Жапондықтардың мектептер мен университетте оқып үйренуі тиіс иероглифтердің ең төменгі міндетті көлеміне 1945 белгі еніп отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.