Алайда Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуноның айтуынша, тиісті мамандар әуежайларында кездейсоқ таңдау арқылы Қытайдан келген саяхатшыларды тексеріп, олардан 72 сағат ішінде жасалған COVID-19 тест сынағын сұрай алады.
Еске салсақ, өткен жылы желтоқсан айында Бейжің COVID-19-ға қатысты қатаң нөлдік саясатын жұмсартқаннан кейін Қытайда коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы күрт өсті. Осыған орай Жапония Қытайдан келетін туристтерге қойылатын талаптарды қатаңдатты.