Ол елдердің қатарында Аустрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция және Франция бар. Келген азаматтар үш тәулік арнайы карантиндік мекемелерде жатуы тиіс. Содан кейін олар коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырады, егер тест теріс нәтиже көрсетсе, олар үйіне барып, сол жақта тағы екі апта оқшауланады.
Бұл шаралар 5 наурыздан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, бұл ереже Жапонияға келмес бұрын 2 апта ішінде жоғарыда аталған елдерде болған азаматтарға да қатысты.