Жапонияның номиналды жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) инфляцияны есептемегенде 4,21 трлн долларды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония дүниежүзінде Германиядан (4,46 трлн доллар) кейін төртінші орынға шықты. Бұл - ұлттық валютаның күрт құлдырауы есебінен болды.
Министрлер кабинетінің мәліметіне сәйкес, қазан-желтоқсан айларында экономика алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,1%-ға және бір жылмен салыстырғанда 0,4% қысқарды, өйткені үй шаруашылықтары мен бизнестің шығындары инфляция жағдайында төмендеді.
Елдегі жеке тұтынушылық 0,2% төмендеді, үй шаруашылықтары өмір сүру құнының өсуімен және нақты жалақының төмендеуімен күреседі.
Күрделі шығындар да 0,1%-ға қысқарды.
Мемлекеттік инвестициялар 0,7%-ға қысқарып, екі тоқсан қатарынан төмендеді.
Ішкі сұраныстың әлсіздігіне қарамастан, келу туризмінің қалпына келуіне байланысты экспорт өсуді жалғастырып, 2,6%-ға өсті.