Жапония әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасамақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның AIST (National Institute of Advanced Industrial Science and Technology) білім ордасы 2017 жылы әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасап шықпақшы, деп хабарлайды computerworld.com.

Оның қуаты 130 петафлопс болады, сондықтан Қытайдың Sunway TaihuLight ұлттық суперкомпьютер орталығында тұрған нұсқасынан асып түспекші. Оның өнімділігі - 93 петафлопс.

Жапонияның суперкомпьютері аса қуатты ғана емес әрі энергияны аз жұмсайтын етіп жасалады.  TaihuLight орталығындағы компьютер 15 мегаватт жұмсаса. ол 3 мегаватт қана пайдаланбақ.

Бұл есептеуіш жүйесі жасанды интеллект әзірлеу, медициналық деректерді зерделеу және басқа да тапсырмаларды орындау саласында пайдаланылады.