Жапония: Ата-анасы жаза ретінде орманда тастап кеткен бала 6 күннен кейін аман табылды
10:46, 03 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 мамырда Жапонияның Хоккайдо аралында ата-анасы жаза ретінде орманда тастап кеткен жеті жасар бала осыған дейін ұлттық қорғаныс күштерінің оқу полигонында орналасқан құрылыстардың бірінде болған. Бұл туралы жұма күні Солтүстік Жапония префектурасының құқық қорғау органдары хабарлады, деп жазды ТАСС.
Комагатаке полигоны ата-анасы баласын тастап кеткен жерден 4 шақырым қашықтықта орналасқаны аталып өтілді. Ямато есімді бала алты күн бойы полигондағы құрылыстардың бірінде болған. Ол су ішіп, адамдар оны табатынын күткен.
28 мамырда кешке баланы тәртіпсіз қылығы үшін ата-анасы көліктен шығарып, орманда тастап кеткен. Бес минуттан кейін баланы әкетуге келсе, ол тастаған жерде жоқ болып шығады. Іздеу жұмыстарына жүздеген адам қатысты.