Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен Жапон құрамасы кездесті.
Жапондық қыздар мықты қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал жартылай финалда жапондықтардан жеңілген Үндістан құрамасы қола медаль иеленді.
Қазақстан әйелдер құрамасы екінші группада Оңтүстік корея мен Моңғолия құрамасына жол берді. Сондай-ақ, қазақстандық қыздар Өзбекстан мен Иран әйелдер құрамасынан жеңіліп, 14-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.