Бұған дейін Жапония NASA-ның Айдың орбитасында ғарыш стансасын жасау жөніндегі жобасына қосылып, оны Айдың бетіне ғарышкерін қондыруға аралық бекет ретінде пайдаланбақшы. Станса құрылысының бір бөлігін жапондықтар қаржыландырады, сондай-ақ оны жасауға өздерінің технологиялық дайын шешімдерін ұсынады. Ай миссиясының мән-жайы әзірге белгісіз, JAXA оның 2018 жылы жария етпекші.
Басылымның жазуынша, Жапония жоспары іске асса онда ол Айға адам аттандырған әлемдегі екінші мемлекетке айналады. Қазіргі уақытта Айға тек АҚШ астронавтары ғана барған.
Бұған дейін Жапонияның ғарыш агенттігі Айға 2019 зонд жіберіп, 2025 жылы зымыран ұшыруға ниеті бар екендігін мәлім етті.