«Бұдан былай елдің атом энергетикасына деген тәуелділігін бірте-бірте төмендете бермекпіз», - деді С.Абэ. «Бізде жаңа реакторлар салу жөнінде ешқандай жоспар жоқ», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, жапон үкіметі елде апаттық жағдайға байланысты тоқтап қалған реакторлардың жұмысын қайта жандандырудың қажеттілігіне де күмәнмен қарауда.
«Фукусима-1» атом электрстансасындағы апаттан кейін Жапонияда барлық АЭС-тің жұмысы тоқтатылған болатын. Үкімет былтыр қабылданған қатаң қауіпсіздік талаптарына жауап беретін бірқатар реакторларды іске қосуды ойластыруда. Қазіргі уақытта 4 жапондық компания 6 АЭС-тегі 12 реакторды қосу жөнінде ұсыныс тастады. Олардың өтінішін аумақ басшылығы қарап жатыр. Аталған мәселеге қатысты шешім 2014 жылдың алғашқы айларында қабылдануы тиіс.