Жапония былтыр 27 босқынды ғана қабылдаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония былтыр тек қана 27 босқынды қабылдаған, ал басқа баспана беру туралы өтініштер кері қайтарылған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Елдің әділет министрлігі босқын мәртебесін сұраған 7586 өтініш келіп түскенін мәлімдеген. Яғни, баспана сұрағандардың 99 пайызының өтініші қанағаттандырылмаған.

Босқын мәртебесін алуға өтініш берген бес сириялық болса, оның үшеуіне ғана осы елде қалуға рұқсат берілген.

Бір қызығы, 2014 жылы Жапония 5 мың өтініштен 11 адамға ғана рұқсат берген.

Құқық қорғаушылар Жапонияның иммиграциялық билігінің талаптарының қатты екендігін сынға алуда.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің деректеріне қарасақ, Жапония 2,4 мың босқын паналатса, АҚШ-та 267 мың, Түркияда 1,8 млн босқын тұрып жатыр.