Жапония бюджетті реформалауға уәде беріп отыр

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапония премьер-министрі Ёсихико Нода сейсенбі күні бюджеттік реформаны таныстырды.

Reuters-тің хабарлауынша, Нода бюджетті салықты көтеріп, шығындарды азайту мен мемлекеттік кіріс мөлшерін арттыру арқылы өсіруге мүдделі.

Нода үкімет пен орталық банк жапониялық компанияларды шетелдік нарыққа шығуларына мүмкіндік беріп отырған иеннің өсімін ұстап тұру үшін бәрін жасау керек деген дәстүрлі үндеу жасады.

«Мен әр партияның заңнамалардың қабылдануына қажетті бірлікке қол жеткізу үшін салықтық және әлеуметтік қамту реформалары туралы саяси пікірталастарға қатысуларын шын ниетіммен өтінемін», - деді премьер.