Жапония Эболаға қарсы күреске 2 млн. доллар бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония Эбола вирусымен күреске 238 млн. иен ($2 млн. жуық) бөлмек. Бұл туралы ел үкіметі хабарлады.

Қаражат «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымына наурыздың ортасында беріледі, бұл өз кезегінде Эболадан барынша зардап шеккен Батыс Африка еліне жіберіледі.

Бұдан бұрын Жапония Батыс Африкаға бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберген. Оның ішінде дәрігерлер киетін 10 мыңға жуық қорғаныс киімдері бар.

Сонымен қатар, ДДСҰ деректеріне сүйенсек, эпидемия басталған сәттен бастап Гвенияда, Либерияда, Сьерра-Леонда 9445 адам қаза тауып, 23 371 адам індетті жұқтырып үлгерген.