АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың қазан айында Жапония халқының саны 124,35 миллион адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 595 мың адамға аз. Бұған елдің Әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері дәлел, деп жазады Anadolu.
Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіш он үшінші жыл қатарынан төмендеген.
2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қазан айына дейін жапон азаматтығына ие жапон азаматтарының саны 837 мың адамға азайған. Бұл – 1950 жылдан бергі ең үлкен төмендеу.
Жапонияда 65 жастан асқан қарттардың саны 36,4 миллионға жеткен, бұл – жалпы халықтың 29,1 пайызы.
75 жастан асқан жапон тұрғындарының саны 20,08 миллионға өскен. Ал 14 жасқа толмағандар саны шамамен 14,1 миллионға дейін азайған.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы