Император жақындарына тақтан бас тартатыны туралы айтқанын аталған телеарна хабарлаған болатын.
Енді таққа оның ұлы ханзада Нарухито отырады, деп хабарлады «Газета.Ru».
Императорлық сарай басқармасы император үндеуі 10 минутқа созылатынын айтты. Ол жергілікті уақытпен сағат 15.00-де трансляцияланады. Үндеу басқарма сайтында жапон және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Бұл - императордың тарихтағы екінші үндеуі. Алғашқысын 2011 жылы Жапониядағы ірі жер сілкінісінен кейін жасаған. Ағымдағы жылдың маусымында Жапония императоры Акихито алдағы бірнеше уақытта тақтан бас тартуы мүмкін екені хабарланған.
Жапонияда тақтан бас тартқан соңғы император Кокаку болған. Ол өзінің тағын 1817 жылы ұлына тапсырған.