Жапония исламшылармен күрес үшін $15 млн. бөледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі Таяу Шығыс және Африкадағы ислам экстремизмімен күресу үшін 15 млн. доллардан астам қаражат бөледі.

Жапонияның СІМ басшысы Фумио Кисида мәлім еткендей, бұл туралы 18-19 ақпанда Вашингтонда өтетін лаңкестікке қарсы Халықаралық саммит барысында ресми түрде жарияланады.

Қаңтар айында «Ислам мемлекеті» тобының мүшелері Сирияда Жапонияның екі азаматын өлтірген.