Сүңгуір аппаратымен байланыс 2013 жылдың қараша айында үзілген болатын. Жапонияның Теңіз қорғаныс күштерінің мәліметінше, робот теңіздің үстіндегі кемемен байланыстырып тұрған кабельдің үзілу салдарынан жоғалып кеткен. 9 күн бойы іздеген сүңгуірлер жоғалған роботты таба алмады. Салмағы 5 тонналық аппарат Сангар бұғазының түбіндегі су мен бедердің температурасы туралы ақпарат жинаумен айналысқан. Робот «Нитинан» барлау кемесі арқылы бақыланып отырған. Жалпы, мұндай су асты жеке аппараттары көп елдерде шетелдік сүңгуір қайықтарының жақындағанын анықтау үшін қолданылады. Сондай-ақ робот қайықтарды су астындағы жарылғыш заттарды іздеу және әскери-теңіз күштерін қадағалап отыру мақсатында пайдаланылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
13:38, 29 Қаңтар 2014
Жапония Қорғаныс министрлігінің 5 млн. долларлық су асты роботы жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Қорғаныс министрлігі құны 5 млн. доллар тұратын сүңгуір роботтың жоғалғанын растады.