Жапония қорғанысқа шығыстарды ауқымды көлемде арттырады

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапондық билік қорғаныс шығыстарын ауқымды көлемде арттыратындығын мәлімдеді.

Би-Би-Си-дің жазуынша, алдағы бес жылда Жапония үкіметі әскери мақсаттарға 230 миллиард доллардан астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр.

Билік барлаушы ұшақтарды, әскери-көлік ұшақтарын, десанттық жауынгерлік машиналарды сатып алуды көздеуде.

Қорғаныс саласына жапондық шығыстардың артуы Оңтүстік Қытай теңізіндегі бірқатар аралдарда қадағалау тұрғысындағы дау-дамайдың аясында Қытаймен байланыстардың шиеленісуінен орын алуда.