Басылымның мәліметтерінше, мұрағатта Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сахалин мен Куриль аралдарында тұтқынға алынған 286 655 жапондық азаматтың орын ауыстыруы туралы мәліметтер сақталған. 1069 адамның Жапония орала алмағаны атап өтіледі. «Олар мәжбүрлеу жұмыстарына жегіліп, немесе күш құрылымдарының қолына түскен».
Осы уақытқа дейін жапондық тарап бұл құжаттардың бар болғанын білмеген, олардың құпиялылық грифі тек 2012 жылы алынған.
Жапонияның тізе бүгуінен кейін 1945 жылдың 2 қыркүйегінде бір миллионнан астам жапондық азаматты Қызыл армия тұтқынға алып, лагерьлерге жіберді. Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметтерінше, соның ішінде шамамен 730 мың адам кейіннен Жапонияға қайтарылған, деп хабарлайды ТАСС.