Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлады.
«Қытайдың әскери-теңіз және әскери-әуе күштерінің модернизациялануын назарға ала отырып, Қытайдың іс-қимылының аясы өз акваториясымен шектеліп қалмайтынын айтуға болады. Қытайдың әскери бюджеті соңғы бес жылда 70 пайызға дерлік артты, ал бұл кезеңде Жапонияның қорғаныс саласындағы мемлекеттік шығысы 3 пайызға қысқарып отыр», - делінген Жапония Қорғаныс министрлігінің есебінде.