Ол үшін қаражатты Токио халқы бөлген. Билік 13 миллионға жуық долларды бір айдың ішінде жинаған. Бұл елдің қарапайым тұрғындарының осы үрдіске, деген қызығушылығының мол екенінің дәлелі.
Сенкаку аралдарының бірі қазір ресми түрде Жапония құрамында. Ал, қалған төртеуі жеке тұлғаға тиесілі. Алайда, Қытай істің мұндай жайымен келісер емес. Олардың пікірінше, Дяоюйдао аралдары Қытай аумағына жатады. Және, жапондықтардың оларға қатысты қандай да бір әрекеттері заңсыз. Қытай мен Жапония арасындағы бұл территориялық дау бұрыннан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы.