Жапония мен АҚШ ортақ келісімге келе алмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Экономика министрі Акира Амари АҚШ-пен арадағы сауда келесімдері кезіндегі туындаған қайшылықты азайтуға бар күшін салатынын мәлімдеді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Министрлер кездесуінің екінші күні басталар алдында мәлімдеме жасаған Амари келіссөз өте қиын жүріп жатқанын айтты. Кезесудің бірінші күнін қорытындылаған тараптар тығырыққа тірелгенін мойындаған болатын.

Еске сала кетейік, Жапония мен АҚШ Азия-Тынық мұхиты аймағында 12 мемлекеттік қатысуымен жүзеге асатын еркін сауда аймағының басты бөлімін құрайтын аймақтық пакт жасасуға тырысып отыр. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Азия-Тынық мұхиты аймағының еркін сауда аймағын құру өзінің саяси стратегиясының басты бөлігі екенін атады.