Жапония мен Дүниежүзілік банк әлемнің жетекші оқу орындарына грант ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жапония үкіметі мен Дүниежүзілік банк әлемнің жетекші оқу орындарына грант ұсынады, деп хабарлайды ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының сайты.

Шәкіртақы бағдарламасына қатысатын университеттер мен бағдарламалардың тізімін келесі сілтемеден табуға болады.

Талаптар: Дүниежүзілік банктің серіктес-университеттерінен шақырту алу; бакалавр дәрежесі өтініш берген күнге дейін 3 жыл бұрын алынуы керек;

бакалавриат мамандығы бойынша жұмыс өтілі - 3 жыл және одан көп;

Стипендия нені қамтиды:  тегін оқу; тегін медициналық сақтандыру;  тұру және тамақтану үшін ай сайын стипендия; ұшу сапарлары; оқыту кезінде тасымалдау шығындарына арналған шығындар.

Шәкіртақы алуға арналған өтінім:

Қажетті құжаттардың тізімі, соның ішінде, толтырылған сауалнама және екі ұсыныс хатты 2019 жылдың 12 сәуіріне дейін онлайн режимінде оқуға қабылданған жоғары оқу орнының сайтында онлайн тәртібінде ұсынылуы тиіс.

Бағдарлама аяқтағаннан кейін, шәкіртақы иегері еліне келіп қызмет жасауы керек.

Білікті комиссия мүшелері әрбір өтінімді дербес қарап шығып, төрт негізгі факторды ескере отырып 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды: кәсіби тәжірибе деңгейі - 30%; жұмыс берушінің ұсынымдары - 30%;

 

Елге тиесілі болу деңгейі (оқу бітіргеннен кейін еліне қайтып оралған факторлар) - 30%; білім сапасы мен деңгейі - 10%.

Стипендияға мыналар кірмейді: виза алуға байланысты шығындар. Отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге байланысты шығындар; оқу бағдарламасына кірмеген қосымша тренингтер мен курстар; оқу жоспарынан тыс тілдік курстар;

Айта кетер жайт, стипендияның иегері басқа қаржылай көмекке ие болмауы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі сілтемені қараңыз:

https://www.worldbank.org/en/programs/scholarships#1