"Кобе Ямагути-гуми" тобының штаб-пәтері орналасқан Мито қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар сабаққа ересектердің күзетімен келді. Жексенбі күні штаб-пәтердің ғимаратында бес оқтың ізі анықталса, сенбіде ғимараттың қасында тұрған машинаға бәсекелес "Ямагути-гуми" тобының жүк көлігі соғылды. Ал мектеп болса, оқиға орнынан небәрі 50 метр қашықтықта орналасқан. Сабақтан кейін балалар үйлеріне ересектердің қадағалауымен жеткізіледі.
11:48, 07 Наурыз 2016
Жапония полициясы якудзалардың атысынан кейін оқушыларды мектепке дейін шығарып салуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық якудзалардың 'Ямагути-гуми' қылмыстық синдикатының тобы мен одан бөлініп шыққан 'Кобе Ямагути-гуми' тобының арасындағы қатынастардың шиеленісуінен елдегі Коби қаласының балалары мектепке полицияның және мұғалімдердің бірге еруімен барып жүр, деп хабарлады NHK телекомпаниясынан.