«Мен өзімнің ағаттығым үшін кешірім сұраймын», - деді ол Токиода өткен баспасөз конференциясында.
БАҚ мәліметінше, Таро Асо өзінің танысының гольф-клубына абонемент алған. Қазір вице-премьер оны кері қайтармақшы және өзіне тиесілі олжадан бас тартты. Клуб картасының бағасы жарияланбай отыр. 2011 жылы күшіне енген жапон министрлерінің мінез-құлық ережелеріне сәйкес, оларға министр лауазымын атқару кезінде гольф-клубтарға мүше болудан бас тартуға тураы келеді. Өйткені ол бағалы инвестиция саналады.
Егер олар министр қызметіне тағайындалғанға дейін клубқа мүше болған болса, оны жыл сайынғы қаржылық мағлұмдамасында көрсетуге тиісті. Бұл ереже жылжымайтын мүлік және акцияларға да қатысты. Алайда, ережелерді бұзғаны үшін қолданылатын қандай да бір жаза тағайындау қарастырылмаған.