Жапония Премьер-министрi Наото Кан отставкаға кетті

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Жапония Премьер-министрi Наото Кан жұма, 26 тамызда басқарушы Демократиялық партия басшысы қызметінен отставкаға кеткенін жариялады,

деп хабарлайды BBC News «Киодо» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-министр лауазымынан Наото Кан жаңа Демократиялық партия көшбасшысы сайланғаннан кейін ресми түрде кетеді. Партия басшысын сайлау дүйсенбіде, 29 тамызда өтеді.