деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Мерзімінен бұрынғы сайлау тамыздың 30-ына белгіленеді деп күтілуде. Билік жүргізуші коалиция жексенбі күні Токиода өткен муниципалдық сайлауда жеңіліске ұшырады.
Таро Асо жетекшілік ететін либералдық-демократиялық партия мен оның коалиция бойынша серіктесі - Жаңа Комейто партиясы небәрі 38 орын ғана алып, елордалық заң шығарушы жиналыстағы көпшілік дауыстан айрылып қалды. Ал оппозициялық Демократиялық партия 54 мандатқа ие болып отыр.