Жапония премьер-министрі Ресеймен аумақтық дауды шешуде салмақтылық таныту керектігін айтты

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Жапония премьер-министрі Наото Кан Ресеймен аумақтық дауды шешуде табанды да салмақты болуды қолдайтынын айтты.

Жапон үкіметі басшысы бұл ұстанымын бүгін парламентте болған пікірталаста жеткізді, - деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Аумақтық даудың Жапония мен Ресей қарым-қатынасында ұзақ тарихы бар, сәтті де, сәтсіз де кезеңдер болды, - деді Кан. - Менің ойымша, біз Мәскеумен диалог жүргізген кезде табандылық көрсетіп, бірақ әбігершілікке жол бермеуіміз тиіс».

Соңғы қоғамдық пікір сауалнамасының деректеріне сай, Жапония тұрғындарының 70 пайыздан астамы ел үкіметінің Ресеймен дипломатия бағытын ұстанғанын қолдамайды.