Мұндай шешім Токиода ашылған Либералды-демократиялық партияның съезінде қабылданды. Бұл шешім осы уақытта Жапонияның премьер-министрі лауазымын атқарып отырған Синдзо Абэнің 2018 жылы отставкаға кетпей, осы қызметінде қалуына мүмкіндік береді. Абэ өзінің кадидатурасын ішкі сайлауға ұсынатын болса, болашақта, нақтырақ айтқанда 2021 жылға дейін премьер-лауазымында қалуына мүмкіндігі бар.
Жапониялық либерал демократтардың басшысы Синдзо Абэ осы елде болған жалпыхалықтық сайлауда Демократиялық партиядан басым түскен соң бүгінгі қызметіне 2012 жылы кіріскен болатын және ол өз лауазымын 2018 жылы босатуы қажет еді.
Алайда оның партия бойынша жақтастары үкімет басшысына экономикалық реформаларды жүзеге асырып, 2020 жылы Токиода болатын Олимпиаданы өткізу үшін тағы қосымша уақыт беру туралы бірнеше мәрте бастама көтерді.